Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде ер адам 2,5 млн теңгенің малын жымқырып кетті

Семейде ер адам 2,5 млн теңгенің малын жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қалалық ПБ Әуезов ПБ “102” арнасына шаруа қожалығының басшысы 33 жастағы әйел адам жүгінді. Жәбірленуші 9-11 шілде аралығында шаруашылықтың 35 жастағы малшысы 36 мал басын жымқырғанын, осылайша 2 500 000 теңгеден астам сомаға залал келтіргенін айтты.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған азамат жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Алайда қаскүнем ұрланған малды сатып үлгергендіктен, оларды тәркілеу мүмкін болмады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру