Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде ер адам қоймаға ұрлыққа түскен

Семейде ер адам қоймаға ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараша айының ортасында Семей қаласы ПБ «102» жедел арнасына қаланың 53 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз адам аспалы құлыптың кілтін таңдау арқылы қоймаға кіріп, азық-түлік ұрлағанын хабарлаған. Қаскөй қоймадан 2 қорап Доширак кеспесі, 2 қорап Грито кеспесі, 2 қорап Қарлығаш кеспесін және 1 қорап Провансаль майонезін ұрлағаны мәлім болды.

Келтірілген шығын көлемі 104 500 теңгені құрады. Жедел-іздестіруіс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 52 жастағы жұмыссыз ер адам полицияға жеткізілді. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру