Семейде көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші тағы мас күйінде ұсталды
Семейде көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші тағы мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында Семей қаласында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері елорданың 29 жастағы тұрғынының басқаруымен Kia автокөлігін тоқтатты.
Тексеріс барысында көлік жүргізушінің 2019 жылдың қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сонымен қатар куәландыруға сәйкес жүргізуші орташа мас күйде болған.
– Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері асталды, оның санкциясында бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.