Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде ҚАЖ қызметкерлері 1500 көшет отырғызды

Семейде ҚАЖ қызметкерлері Республика күніне орай 1500 көшет отырғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күні қарсаңында қауіпсіздігі аралас колония қызметкерлері Семей филиалының Пригородный орман шаруашылығында, Ертіс өңірінің қарағайлы белдеулік орманын қалпына келтіруге өз үлестерін қосты.

Колония қызметкерлері 1500 жас қарағай көшеттерін өз қолдарымен отырғызды. Орман шаруашылығы қызметкерлері, қызметкерлерді отырғызу материалдарымен, құрал-жабдықтармен және ағаш отырғызу бойынша нұсқаушымен қамтамасыз етті.

– Ағаш отырғызу – өте сауапты әрі қажетті іс. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін табиғи ресурстарды үнемі толықтырып отыру қажет деп ойлаймын. Әрқайсымыз табиғатқа қамқоршы болуымыз керек. Бүгінгі іс-шараға қатыса алғанымызға өте қуаныштымыз. Әрбір отырғызылған көшет – біздің балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын да салауатты болашағының кепілі болмақ. Мұндай шараға біздің колония қызметкерлері бірінші болып атсалысып жатыр. Бүгінде олар ұрпақтарына мәңгілік естелік қалдырды, – деді кадр саясаты бөлімінің бастығы Дидар Жумаханова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру