Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде сотталғанға тыйым салынған зат жеткізбек болған азамат анықталды

Семейде сотталғанға тыйым салынған зат жеткізбек болған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының орташа қауіпсіздік колониясында тексеру тобының қызметкерлері тыйым салынған затты, атап айтқанда телефон мен SIM картаны берудің тағы бір әрекетін болдырмады.

36 жастағы Семейлік досына қысқа мерзімді кездесуге келген. Азық-түлікті тексеру кезінде қарау тобы қызметкерлерімен рентген құрылғы арқылы тыйым салынған заттар табылды. Яғни азамат Яшкино рулетінің ішінен телефон мен SIM карта салып кіргізбек болған.

– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдар жиналды, – дейді тәртіп бөлімінің қызметкері Қуаныш Альмадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру