Семейде жария сот отырысы өтті
Семейде жария сот отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының 37 жастағы тұрғыны Семей қаласының компьютерлік клубынан өзгенің телефонын ұрлап, телефон иесіне жалпы сомасы 200 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Содан кейін ер адам қаланың сауда үйлерінің бірінде болып, бес жұп әйелдер шалбарын ұрлап, жалпы 25 мың теңгеге жуық шығын келтірді.
Сот оны ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
2023 жылдың желтоқсанында пробациялық бақылаудан жасырынып, сотталған Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебіне тұру үшін келмей, сот жүктеген міндеттерді бұзған. Осыған байланысты Бесқарағай аудандық сотының қаулысымен ол іздестіруге жарияланды. Іздестіру шаралары барысында сотталған Семей қаласында ұсталды.
– Пробация қызметкерлері бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныс жіберді. Бұл факт бойынша жария сот отырысы өтті. Сот қаулысымен оған өтелмеген бас бостандығын шектеу жазасы 1 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, – дейді пробация қызметінің бастығы Мұрат Шакимұратов.