Семейде жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған шетелдік алаяқтың қармағына түсті
Семейде жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған шетелдік алаяқтың қармағына түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz
16 мамырда Семей қаласы Полиция басқармасы Орталық ПБ-ның 102 жедел арнасына Семейде тұрып жатқан Тәжікстан Республикасының 34 жастағы азаматы жүгінді. Жәбірленуші өзінің танысы жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсетемін деп 200 мың теңгеден астам қаражатты иемденгенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жасады деген 57 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Одан жауап алу барысында кінәсін мойындады. Қаскөй қаражатты жұмсап үлгергенін айтқан.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.