Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақаттық полицейлер ашық терезеге шығып тұрған екі бүлдіршінді аман алып қалды

Атырау облысы Мақат ауданының полицейлері ашық терезеге шығып тұрған екі бүлдіршінді аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

5 маусым күні сағат 19:00 шамасында 2-3 жас шамасындағы бүлдіршіндердің екінші қабаттағы ашық терезеге шығып тұрғаны туралы полицияға хабар келген. Оқиға орнына барған Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Тойгожа Азбергенов, Ренат Исемгалиев, Аслан Мұсаев және Мақат ауданының Қайрат есімді тұрғыны екінші қабаттағы терезеге өрмелеп мініп, балаларды қауіпсіз жерге шығарды.

Пәтер ішінде екі бүлдіршін жалғыз болған. Ювеналды полиция инспекторлары 25 жастағы ата-анасының жұмыста болғанын анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру