Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жолда адасып жүрген баланы анасына табыстады

Түркістан облысының полицейлері жолда адасып жүрген баланы анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Күнделікті қоғам тыныштығын сақтау қызметіне кіріскен Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің назарына Шаян – Жамбыл тас жолының бойында жүрген үш жасар шамасындағы бала ілікті. Кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқаған полицейлер бірден оның қасына келді. Бүлдіршіннен оның ата-анасы, үйі қайда екенін сұрағанымен, бала дұрыс жауап бере алмады.

Осыдан соң тәртіп сақшылары ұл баланы полиция бөліміне жеткізіп, оның жағдайын жасап, тамақ-суын әперді. Одан ары ата-анасын табуға бағытталған қажетті жұмыстарды жүргізді. Ауыл аймақтан сұрастырып, әлеуметтік желі арқылы суретін таратты. Соның нәтижесінде, 1 тәулікке жеткізбей ата-анасын тапты. Ата-ана мен бүлдіршінді қауыштырды.

Анықталғандай, бала өзінің ауласында ойнап жүріп, үйінен екі шақырым қашықтыққа дейін алыстап кеткен. Ал анасы оны жақын маңда ойнап жүр деп бейқам жүре берген.

– Кішкентай баламды тауып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз еткендеріңіз үшін алғысым шексіз! Сіздердің жұмыстарыңызға табыс тілеймін, –  деп баланың анасы ерекше алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру