Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында “Velo-Jas 2022” вело-марафоны өткізілді

Ақмола облысында “Velo-Jas 2022” вело-марафоны өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы мен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай “Velo-Jas 2022” вело-марафоны өткізілді.

Аталған велошеруге 100-ге жуық адам қатысты, олардың арасында кәсіби велосипедшілер мен велоспорт әуесқойлары да болды. Іс-шара облыс әкімінің орынбасары Е. Рамазановтың қатысуымен тутұғырда басталды, онда барлық қатысушыларға бағыт бойынша нұсқаулық берілді.

Қатысушылар үлкен пелотонда стратегиялық жоспарлау және жүру дағдыларын үйренді. Веломарафонның соңында Қопа көлінің жағалауында қатысушыларға Мемлекеттік рәміздері бар естелік белгілер және есірткіге қарсы ұран жазылған су таратылды. Жаңбырлы ауа райына қарамастан, іс-шара ауқымды және қызық өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру