Семейде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік тізгіндеп, ЖКО жасады
Семейде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік тізгіндеп, ЖКО жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
59 жастағы Семей тұрғынына 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылу жазасы төніп тұр. Ер адам 2023 жылдың 5 қазанында қарсы қозғалысқа арналған жолға шыққаны үшін 6 ай мерзімге басқару құқығынан айырылған, бірақ бұл жағдай ер адамды тоқтатпады. Ол мас күйде LADA Granta автокөлігінің рөліне отырып басқа көлікпен соқтығысуға жол берді.
Медициналық куәландыру актісінің қорытындысына сәйкес, ол Усть-Каменогорская көшесінде көлікті басқара алмай, Daewoo Nexia көлік қуралына соғылған кезде «жеңіл дәрежелі» мас күйде болған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соқтырған, оған құқығынан айырылған және мас күйде жүрген адамның автомобильді басқару фактісі бойынша жүргізіледі.
LADA Granta жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.