Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында сотталғандар арасында қысқы спартакиада ашылды

Қарағанды облысында сотталғандар арасында қысқы спартакиада ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруды қалыптастыру мақсатында қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің алаңында жыл сайынғы қысқы спартакиаданың ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілі А.И. Минибаев қатысты, спорттық іс-шаралар жоспары жарияланғаннан кейін сотталғандардың командасы Шахтинск қаласының стадионында шаңғы жарысына қатысты.

Жыл сайын ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар арасында қысқы спартакиада өтеді. Сотталғандар оны асыға күтеді, өйткені бұл өзін көрсету, белсенді қатысқаны үшін көтермелеу және сотталғандардың бос уақытын әртараптандыру мүмкіндігі. Қысқы спартакиада жоспарына шаңғы, конькимен жүгіру, балық аулау және басқа да спорт түрлері кірді, – деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК “№36 мекеме” РММ бастығы Еркебұлан Қарғалтаев.

Қысқы спартакиада қорытындысы бойынша сотталғандар арасында жеңімпаздар анықталып, грамоталар мен медальдармен марапатталатын болады.

Жауап қалдыру