Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД телекөпір ұйымдастырды

Қарағанды облысының білім басқармасы қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесе отырып, жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған ауқымды телекөпір өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылға арналған “Заң және тәртіп” идеологемасын ілгерілету және Балалар жылы аясында ұйымдастырылды.

Негізгі тақырыптар: есірткіні жасырын тарату (“закладка”) және дропперлік.

Телекөпірге облыстың мектептері мен колледждерінен 15 мыңнан аса 10-11 сынып оқушылары мен студенттер қатысты.

Спикерлер ретінде Қарағанды облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл И.Б. Киселева және ҚАЖД өкілі Е.Ә. Бейсекеев сөз сөйлеп, жастарға заң талаптары мен жауапкершілікті түсіндірді.

ҚАЖД қолдауымен қазіргі таңда жазасын өтеп жүрген азаматтармен тікелей байланыс орнатылды. Олар жасөспірімдерге өз қателерінен сабақ алу, оңай ақшаның соңы неге апарып соғатыны туралы шынайы әрі ашық әңгімелеп берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру