Семейлік азаматша танысына сеніп, 100 мың теңгесінен қағылған
Семей тұрғыны қонағына сеніп, ақшасынан қағылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының басында Семей қаласының ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 25 жастағы қыз хабарласып, 25 ақпанда үйіне келген танысының оның банк картасынан жасырын түрде 100 000 теңге көлемінде ақша шешіп алғаны туралы шағымданды.
Ұрлық дерегі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері іске қатысы бар деген күдікпен Приречное ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Полиция бөліміне жеткізілген азаматтан жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.