Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Серіктесіне» алданып қалған кәсіпкер полициядан көмек сұрады

Алматыда «серіктесіне» алданып қалған кәсіпкер полициядан көмек сұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Алмалы ауданының тұрғыны полицияға алғыс хат жолдады.

Ол Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты ПБ-ның қызметкерлеріне, атап айтқанда тергеуші Әлішер Бектембай мен жедел уәкіл Қазыбек Құқтыбаевқа алғысын білдірді.

– Мен полиция қызметкерлеріне кәсібилігі, сезімталдығы, түсініктері үшін алғыс айтқым келеді. Өздерінің барлық жақсы адами қасиеттерін көрсетіп, менің мәселемді шешіп берді. Тергеуші менің арызымның мәніне және жұмыста кездескен алаяқтыққа үңілді. Мен – кәсіпкермін, киетін киімдерді сатумен айналысамын. Тауардың келесі партиясы үшін қомақты қаражат төледім, бірақ мені алдап кетті. Мен полицияға көмек сұрап жүгіндім. Полиция қызметкерлерінің нақты әрі жедел әрекетінің арқасында күдікті ұсталды және оған айып тағылды, – деді Алматы тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру