Сериялық алаяқ алматылықтарға бизнесті жеңілдікпен несиелендіруге уәде берді
Сериялық алаяқ алматылықтарға бизнесті жеңілдікпен несиелендіруге уәде берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл – 1973 жылы туған П.есімді азаматша. Полиция оны Алматы облысында ұстады.
– П.есімді азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу төрт қылмыстық эпизодты дәлелдеді, жалпы шығын миллиондаған теңгеге бағаланды. Әйел алдын ала ойластырылған жоспар бойынша «жұмыс істеді»: үлкен сомаға несие беруді сылтауратып, зардап шеккендерден қызметі үшін алдын ала сыйақы алды, бірақ ол уәдесін орындамады. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Біз оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты, П.есімді азаматшаны таныған адамдарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-708-707-9202; 8-705–555–7763; 8-775-719-2727, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.