Шағын бизнеске несие беруге уәделескен әйел Қарағандыда ұсталды
Шағын бизнеске несие беруге уәделескен әйел Қарағандыда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
24 тамыз күні 25 жастағы қарағанды қаласы тұрғыны үшін сәтсіз күн болды. Сол күні жеңілдетілген несие бойынша өз бизнесін кеңейтпек болған жәбірленуші азаматша несие рәсімдеуге көмектесемін деген бейтаныс біреумен танысқан.
Азаматша жәбірленушіге несие рәсімдеу қолынан келетінін және оны жылдамдату үшін ақша беру керектігін айтқан. Сол кезде қолында 300 мың теңгесі бар жәбірленуші шаруасының тез шешілуі үшін ақшаны күдіктіге берген. Арада бірнеше ай өткенде, яғни қараша айында берген ақша, сондай-ақ несие рәсімдей алмаған жәбірленуші Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне арызбен шағымданған.
Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азаматша ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы да үш қылмысқа қатысы бары анықталды.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 1,4 млн теңгені құраған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексерілуде.