Шахтинск полицейлері елордалықтың ұрланған көлігін қайтарды
Шахтинск полицейлері елордалықтың ұрланған көлігін тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қазанда Шахтинск қаласының полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 24 жастағы тұрғыны арызданған. Туыстарына қонаққа келген жігіт көлігін түнгі уақытта көпқабатты үйдің ауласына қалдырған. Таңертең белгісіз біреудің көлікті ұрлап кеткенін анықтады.
Материалдық шығын 1 млн. 700 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
31 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 20 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат – жәбірленушінің көлігі алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.