Шахтинскіде ер адам зейнеткерді пышақпен қорқытып, ақшасын тартып алған
Шахтинскіде ер адам зейнеткерді пышақпен қорқытып, ақшасын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қазанда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу зейнеткерге шабуыл жасап, ақшасын алып кеткені туралы хабарлама түскен.
Жәбірленуші 75 жастағы қала тұрғыны үйден шыққан кезде бір ер адам жүгіріп келіп, пышақпен қорқытып, соңғы ақшасы – 15 мың теңгені алып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жедел-іздестіру кезінде учаскелік полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы ер адамды ұстады, ол қылмысын мойындады. Айғақты зат – жәбірленушінің ақшасы алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.