Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда автобус жүргізушілері төбелесті

Қарағандыда автобус жүргізушілері төбелесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне аялдамалардың бірінде маршруттық автобустардың жүргізушілері өзара төбелескені туралы хабарлама түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері келді.

Полицейлер жанжалдың маршруттық автобустардың жүргізуші болып істейтін 24 және 33 жастағы екі ер адам арасында болғанын анықтады. Олар бір бағытта қызмет еткен. Жанжал олардың бірінің кестені сақтамауынан туындап, төбелеске ұласып, жүргізушілер бір-біріне дене жарақатын салған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру