Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 933 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Алматыда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 933 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық әкімшілік полициясының мәліметінше, жыл басынан бері шаһар жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 933 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өкінішке қарай, бұл апаттардың салдарынан 31 адам қаза тапты. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тоғыз айында жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін 9 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жыл сайын жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Ал бұл дабыл қағудың себебі. Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысы, ең алдымен, өз қауіпсіздігін ойлап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы керек. Балалар ата-анасының үлгісін ұстануға бейім болады. Сондықтан үлкендер өздеріне және баласына қауіпсіз орта құру үшін дұрыс үлгі көрсетуі керек. Жаяу жүргіншілерді жолдардағы тәртіпті жақсартуға шақырамыз, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Полицейлер жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де жіберген негізгі қателіктері көрсетілген әлеуметтік ролик дайындалғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру