Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскіде гаражға ұрлыққа түспек болған үш азамат ұсталды

Шахтинскіде гаражға ұрлыққа түспек болған үш азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шахтинск қалалық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері мүліктік қылмыстардың алдын алу мақсатында жедел алдын алу іс-шараларын өткізді. Шара барысында полицейлер қала шетінде орналасқан гараждардың аумағын баса назарға алды.

Түнгі сағат 23:00 шамасында полиция қызметкерлері аталған аумақта орналасқан гараждардың бірінің төбесінде жүрген белгісіз азаматтарды байқаған. Олардың әрекеттері полиция қызметкерлеріне күдік тудырып, жедел әрекеттер барысында төбе арқылы гаражға түспекші болған 17 мен 18 жас аралығындағы үш азамат ұсталды. Тексеру жұмыстары барысында күдіктілер гаражға ұрлыққа түсіп, ішіндегі заттарды ұрламақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру