Шардара полициясында ашық есік күні өткізілді
Шардара полициясында ашық есік күні өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара аудандық полиция бөлімінің жанынан құрылған «Азаматтарды қабылдау» бөлмесінде сағат 13:00-18:00 аралығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Шардара АПБ-ның кадр маманы Азамат Мамыров Ішкі істер органына қызметке қабылдау жөнінде полицей болғысы келетін жас мамандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған акцияның мақсаты – ІІО-на қызметке орналасуға ниеті бар тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бағыт-бағдар көрсету. Сонымен қатар, қызметке қабылдану үшін қажетті құжаттар мен бағыттар жеке-жеке айтылып, тәртіп сақшысы болуға байланысты критерилер жазылған брошюралар мен жаднамалар таратылды.
Оған қоса, кадр саласының тәжірибелі полицейі келушілерге ІІО-ы қызметкерлеріне қойылатын талаптар, бос жұмыс орындар, берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы айтып өтті.
Болашақта елдің патриоты болып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, полицей болуды армандаған жастар барлық берілген кеңестің жүйелі жеткізілгені үшін алғыстарын білдірді.