Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардара тұрғынынан қарасора тәркіленді

Шардара тұрғынынан қарасора тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түскен. Онда ер адам Шардара қаласының тұрғыны үйінің ауласында есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрғанын айтқан.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, күдікті тұрғынның ауласынан алты түп есірткіге ұқсас өсімдіктің өсіп тұрғаны анықталды. Полицейлер алынған есірткіге сот-сараптама тағайындап, оның қарасора екені анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды.

Анықталғандай, ер адам есірткі өсімдігіне ұқсас затты өзі тұтыну үшін өсіріп баптаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру