Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардарада үш браконьерден 600 келіге жуық балық тәркіленді

Шардарада үш браконьерден 600 келіге жуық балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Бекмұхамбет Тенгебаев және Құрманғазы Абдикаликов Шардара су қоймасынан браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен үш браконьердің су қоймасында балық аулайтын ау торымен заңсыз балық аулап жүргендері анықталды. Айғақты зат ретінде браконьерлерден 600 келіге жуық балық (оның ішінде сазан мен 3 келі жыланбас), Қытай ау торы мен екі ескек және қайық тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, күдікті азаматтар Шардараның тұрғындары болып шықты.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдікті үшеу қолхатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру