Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация есебінде тұрған сотталғандар тексерілуде

СҚО-да пробация есебінде тұрған сотталғандар тексерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың профилактикасы мақсатында 7-13 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының аумағында “Профилактикалық бақылау” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

“Профилактикалық бақылау” жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде Уәлиханов ауданының ПБ ЖПҚ-мен бірге іс-шараның бірлескен жоспары құрылды және бекітілді. Осыған байланысты СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобының және ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерінен мобильді топтар ұйымдастырылды.

Уәлиханов ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тұрғылықты жері бойынша және жұмыс орны бойынша тексеріледі, олармен әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық сипаттағы әңгімелесулер жүргізіледі және жазаны өтеу тәртібі түсіндіріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру