Шардаралық дүкен сатушысы жұмыс орнына ұрлыққа түсті
Түркістан облысының полицейлері дүкеннен ақша ұрлаған қалта ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара АПБ-не жергілікті тұрғынның «102» нөміріне хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түсіп, ақша салатын қорабының ішінен 25 мың теңге көлемінде ақшасы жымқырылғанын айтқан. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі бастап кетеді. Дүкен иесіне келтірілген шығынның көлемі – 25 мың теңге.
Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы, күдікті ретінде танылған азамат анықталып бөлімшеге жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат қылмысты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Сондай-ақ күдікті жігіт сол дүкенде сатушы болып жұмыс жасайтыны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті бұрын сотты болған. Бас шарасы қолхатта. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана, мұндай жағдайларды азайтуға болады.