Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 38 автобус айыптұраққа қойылды

Түркістан облысында “Автобус” шарасы кезінде 750 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының полицейлері ағымдағы жылдың сәуір айының 1-3 күндері аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның мақсаты – жол қауіпсіздігін сақтап, түрлі апаттардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту, қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы заң бұзушылықтарды анықтау болып табылады. Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар, басқа да мүдделі органдар мен жұртшылық өкілдері қатысты.

“Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде полицейлер 750 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 18-і жылдамдықты арттыру және 111 маневр жасау ережелерін бұзу жайттары болды. Сондай-ақ, ұялы телефон қолданғаны үшін 175 жүргізуші, сақтандырусыз автокөлік жүргізгені үшін 36 жүргізуші және техникалық байқаудан өтпеген 95 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерінің 64 заң бұзушылығын, 35 тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау дерегін, рейс алдындағы техникалық байқаудан және медициналық тексеруден өтпеген 11 жайтты анықтады. Ал, айыптұрағына 38 автокөлік қойылды. Сондай-ақ, “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 71 автобус мұқият тексеріліп, жылыту, электр жабдықтары және т. б. жай-күйі қадағаланды.

Жергілікті полиция қызметкерлері атап өткендей, қоғамдық көлік жүргізушілерінің ҚР ЖҚЕ сақтауын қамтамасыз ету бойынша, осындай жеделдетілген іс-шараларды үздіксіз жүргізіп келеді. Аталмыш шаралар жол-көлік оқиғаларын төмендетуге және облыс жолдарында апаттылықтың алдын алуға ықпал етеді, сондай-ақ жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру