Шардаралық полицейлер тұрғынға 1 млн 300 мың теңге шығын келтірген күдіктілерді ұстады
Шардаралық полицейлер тұрғынға 1 млн 300 теңге шығын келтірген күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өзінің арызында Шардара су қоймасының жағалауында тұрған «Прогресс» маркалы қайығында байлаулы тұрған құны 1,2 миллион теңге тұратын моторын белгісіз біреулер жымқырып кеткенін, сондай-ақ 100 мың теңге тұратын жанармай құятын құтысын алған. Бұл оқиғаны полицейлер ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірген шығынның көлемі 1,3 миллион теңгені құрайды. Бұл ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды.
Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Қырағылық танытқан полицейлер тәулік ішінде үш күдікті азаматты ұстады. Олар жергілікті тұрғын болып шықты.
Тергеушілердің анықтауынша, ұсталған күдіктілер балық аулау мақсатында жағалауға келген. Содан таңғы бес шамасында арамы ойын іске асырмақ болып байлаулы тұрған мотор мен құтыны көріп, жымқырып кеткен. Полицейлер айғақты зат ретінде мотор мен құтыны заңды иесіне қайтарды. Бүгінгі таңда күдіктілер қолхатта.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағы болып, өздерінің бағалы мүліктерін сақтау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау қажеттілігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.