Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжатсыз мал тасымалдаған 47 жайт анықталды

Бәйдібек ауданында жыл басынан бері құжатсыз мал тасымалдаған 47 жайт анықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің қиын да қауіпті жұмыстарының ішінде мал ұрлығының алдын алу, болдырмау басты орында тұрады. Бұл ұрлыққа тосқауыл қою үшін тәртіп сақшылары тиісті қызметтермен бірлесе отырып қажетті құжаттары жоқ мал тасымалдауды анықтауда. Осындай жұмыс барысында Түркістан облысы ПД Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша 47 жайтты анықтап, оның 28-іне тәртіптік шара көрілген.

Жалпы аудандық полицейлер мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал және ет өнімдерін тасымалдауды қатаң бақылауға алған. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар бойында посттар қойылып, тасымалдауға тиісті құжаттар жіті тексерілуде. Осындай жұмыс күнінің бірінде бәйдібектік полицейлер Шақпан-Шаян тас жолында “Газель” маркалы автокөлікті тоқтатады. Тексеру барысында автокөліктің артқы жағында жүруге және тасымалдауға рұқсат құжаттары жоқ 26 бас уақ мал анықталады. Тәртіп сақшыларының анықтауынша аталған малдарды тұрғын Жамбыл облысынан сатып алып, Сайрам ауданына алып бара жатқан беті екен.

Жоғарыдағыларды негізге ала отырып полицейлер, аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабымен тіркеп, әкімшілік шара көру үшін Бәйдібек ауданы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комиссисының аумақтық инспекциясына жолданды.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттардыруға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру