Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардаралық полицейлер заңсыз балық аулаған 6 азаматты ұстады

Шардаралық полицейлер заңсыз балық аулаған алты азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-нің ЖПҚБ-нің табиғатты қорғау тобының полицейлері мен Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп рейдтік іс-шара жүргізді. Іс-шара барысында, тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының мұз қатқан аумағында, белгісіз біреулердің заңсыз мұзды ойып балық аулап жатқан жерінен ұстады.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркеп, алты азаматқа хаттама толтырды.

Өз кезегінде Түркістан облысы ПД полицейлері азаматтарды заңды бұзбауға және табиғат пен жабайы жануарларды қорғауға шақырады. Егер, сіз, табиғат қорғау заңнамасын бұзумен байланысты қылмыстардың куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру