Шетелдік азаматтар жол-көлік апатына ұшырады
Ақтөбе облысында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында сағат 14:00-15:00-дер шамасында "Рено-Логан" жеңіл автокөлігінің жүргізушісі Тәжікстан Республикасының азаматы Арал қаласынан Хромтау қаласына қарай, Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында келе жатып, Түркия азаматының басқаруындағы "DAF" жүк автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде "Рено-Логан" автокөлігінің жүргізушісі және 4 жолаушы Ырғыз ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, оның екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін босатылды. Осы жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаға байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді аса сақ болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты жылдамдық режимін төмендетуге шақырады.