Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президент әкімшілігі мен Маңғыстау облысы әкімінің келісімі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы тағайындалды.

Полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров таныстырды.

Жанарбек Бақтыбаев 1963 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1983 жылдан бері қызмет атқарады. ІІМ Орталық аппаратының басшылық лауазымдарында, сондай-ақ Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан Полиция департаменттерінде басшылықта тәжірибесі мол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру