Шетелдік көліктерді тіркеймін деп уәде берген Алматы облысының тұрғыны анықталды
Шетелдік көліктерді тіркеймін деп уәде берген Алматы облысының тұрғыны анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
И.есімді ер адам "сарафандық радио" әдісі арқылы шетелдік көлікті тіркеуден өткізгісі келетіндерді тауып, кедендік рәсімдеусіз жасауға уәде берген. Ер адам өз қызметін 700 мың теңгеге бағалаған.
- Күдікті қамауға алынды. Ол алдаудың төрт фактісін мойындады. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын шамамен 2,5 млн теңгені құрады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.
Айтпақшы, бұған дейін күдікті осыған ұқсас бап бойынша сотты болған. Қазір уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында.