Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ең үздік пробация қызметкері анықталды

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметінің үздік қызметкерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация  қызметкерлері арасында “Үздік пробация қызметкері” атағына кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқауға аумақтық пробация қызметтерінің лауазымдық қызметі бағытында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, оң сипатталатын және қолданыстағы тәртіптік жазалары жоқ қызметкерлері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Іле аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айбек Есембаев иеленді. Екінші орын – Қарасай ауданы бойынша пробация қызметінің аға инспекторы Салтанат Джакубаевада. Алматы облысы бойынша “Ең үздік пробация инспекторы” атағын Талғар аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Елдар Зәки танылды.

Жеңімпаздар кубоктармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, байқау жеңімпазы Елдар Зәки елордада өтетін республикалық байқауда Алматы облысының намысын қорғайды.        

– Байқаудың негізгі мақсаттары – пробация қызметі қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау үшін кәсіби және қолданбалы білімдерін, дағдыларын жетілдіру, құқықтық мәдениетін арттыру және кәсіби, психологиялық, моральдық және іскерлік қасиеттерін дамыту. Байқау қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға  ынталандыру болып табылады, – деп атап өтті, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Игілік Хасенов.

Пробация қызметкері кәсіби қызметінде оның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуі және тәжірибеде шебер қолдануы, дене және жауынгерлік даярлық, алғашқы медициналық көмек көрсету, қызметтік іс қағаздарын жүргізу және ақпараттық технологиялар саласында дағдыларды, сонымен қатар жоспарлауды сауатты түрде меңгеріп, қызметтік тапсырмаларды орындауы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру