Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп”: Ақтөбе облысында 7 қару заңсыз айналымнан алынды

Ақтөбе облысында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жеті қару заңсыз айналымнан алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 16 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың ерекше өкіміне дейін Ақтөбе облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды “ізін суытпай” ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтары саны артып, жұмысы күшейтілді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжай алаптарын тексеріп жатыр.

Іс-шараны өткізу кезеңінде полиция бөлімінің қызметкерлері тоғыз атыс қаруын тауып, тәркіледі, оның ішінде жеті қару заңсыз айналымнан алынды (сегіз тегіс ұңғылы қару және бір газды қару). Оқ-дәрілерді табу мен алудың екі фактісі (барлығы 10 оқ-дәрі, тегіс ұңғылы қару және төрт травматикалық қару оқ-дәрісі алынды).

Ұсақ бұзақылықтың 474, қоғамдық орындарда мас күйінде болудың 515 және ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 492 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру