Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облыстық Қоғамдық кеңесі төралқасының отырысы өтті

Павлодар облыстық Қоғамдық кеңесі төралқасының отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырыс барысында көтерілген негізгі тақырып жастар саясаты мәселесі, жас ұрпақты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселесі болды.

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров қаңтар оқиғаларының хронологиясын қысқаша жеткізді.

– 1200-ден астам қатысушысы ұсталғанын, әрқайсысына қатысты материалдар зерттелгенін атап өтемін. Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған соттарға 435 материал жіберілді. Сонымен қатар, егер жастарына қарап айтатын болсақ, ұсталғандардың 207-сі 18-ден 29-ға дейінгі жас адамдар. Сондай-ақ, барлық жауапқа тартылғандардың ішінен 95-і жұмыс істемейтіндер, 137-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып есептелетіні, яғни іс жүзінде олар кездейсоқ табыстармен өмір сүретіндер, оның үстіне көбі ауылдық жерлерден келгені анықталды. Сонымен қатар, олардың арасында университеттің 11 студенті бар, – деп атап өтті Жасқайрат Қайыров.

Осыған байланысты облыстық Қоғамдық кеңестің қатысушылары жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесін арттыру, жасөспірімдер мен жастар үшін бос уақытты ұйымдастыру, сондай-ақ жас ұрпақтың жұмысқа орналасуына көмек көрсету қажеттілігіне назар аударды, атап айтқанда бұл біздің облыстың ауылдық өңірлеріне қатысты. Сонымен қатар, жиналысқа қатысушылар формализмсіз мұқият жұмыс жүргізуге баса көңіл аударды. Сарапшылар патриотизм рухын көтеруді отбасы мен мектепте бастау керек маңызды міндет деп санады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру