Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Шетелдік күйеу жігіт» ақтөбелік әйелді 2 млн теңгеге сан соқтырды

«Шетелдік күйеу жігіт» ақтөбелік әйелді 2 млн теңгеге сан соқтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының соңында 42 жастағы ақтөбелік әйелге әлеуметтік желіде белгісіз ер адам өзін шетелдік ретінде таныстырып, хабарлама жазған. Осылайша, «шетелдік» пен ақтөбеліктің арасында махаббатқа толы хат алмасу басталған. «Күйеу жігіт» әйелге сыйлықтар, зергерлік бұйымдар мен шетелдік валюта сатып алғаны туралы хабарлама жіберіп, сенімділік үшін сыйлықтардың бейнелері мен фотосуреттерін жіберген. Әрі қарай бұл сәлемдемелерді жіберу үшін кедендік бажды төлеу қажеттігін айтып, әйелге есеп айырысу шотын жолдаған. Әйел жігіт көрсеткен шотқа банк кассасы арқылы 2 млн теңгеден астам ақша жіберген.

Ақшаны алғаннан кейін «күйеу жігіт» байланысқа шығуды тоқтатқан, ал жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді. Алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті, әдетте, ақша аударғаннан кейін «шетелдік күйеу жігіттер» бірден із-түзсіз жоғалып кететінін ЕСКЕРТЕДІ. Интернеттегі таныстықтардың қауіпсіз емес екені туралы жиі ескертілетініне қарамастан, аңғал әйелдер әлі де алаяқтардың арбауына түсіп, оларға өздерінің еңбекпен тапқан ашасын жіберіп, қарыздар мен несиелер алып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру