Шиеліде жол ережесін бұзған ВАЗ жүргізушісі айыппұл арқалады
Шиеліде жол ережесін бұзған ВАЗ жүргізушісі айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шиелі кенті Яссауи көшесінің бойында ВАЗ-21074 үлгісіндегі автокөлігі қоғам тыныштығына нұқсан келтіріп, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін ақылы айып алаңына қамалды.
Шиелі АПб Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде аталмыш автокөлікті басқарған Шиелі ауданы Ы.Жахаев көшесінің тұрғыны 23 жастағы Б.есімді ер адам анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 7-бөлігімен (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару), 590-бабының 3-бөлігімен (Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін орнату) әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік ақылы айып алаңына жеткізілді.
Жүргізушіге қатысты 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынды.