Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шойын ванна ұрлаған азамат құрықталды

Павлодар облысының Ақсу қаласында шойын ванна ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласының тұрғыны ұрлық фактісі бойынша полицияға жүгініп, оның ваннасы ұрланғанын хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Ақсу ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны болып шықты.

Жәбірленуші пәтердегі сантехникалық жұмыстарға байланысты шойын ваннаны кіреберістегі алаңға шығарған. Таныстарына келген ауыл тұрғыны кіреберістегі ваннаны байқап, көп ойланбастан досына қоңырау шалып, ваннаны далаға шығаруға көмектесуін өтінген.

Ауыл тұрғыны ұрланған ваннаны таксимен алып кетіп, ұрланған мүлікті металл қабылдау пунктіне тапсырған. Қылмыстық жолмен табылған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ұрланған ванна иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру