Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік құралдарын мас күйінде басқаратындар саны азаяр емес

Қызылордада көлік құралын мас күйде басқаратын жүргізушілер саны азаяр емес, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері облыс көлемінде көлікті мас күйінде басқарған 919 жүргізуші анықталды.

Мысалы, 19 қарашада патрульдік полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде «Мазда 626» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында Қызылорда қаласының 41 жастағы тұрғынының орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде екендігі анықталды.

Аталған жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жыл басынан бері көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 32 жүргізуші мас күйінде қайта көлік басқарған.

Мәселен, 20 қараша күні Арал қаласының көшелерінің бірінде 47 жастағы аудан тұрғыны басқарып келе жатқан «Toyota» автокөлігі тоқтатылып, құжаттарын тексеру барысында оның осы жылы жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылса да, спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгініне қайта отырғаны анықталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру