Шортанды ауданында хабар-ошарсыз кеткен ер адамның денесі табылды
Шортанды ауданында хабар-ошарсыз кеткен ер адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қазан күні Шортанды және Дамса кенттері арасындағы орман екпелерінде іздеу іс-шаралары барысында Шортанды кентінің 47 жастағы тұрғыны С.Бимурзеновтың денесі табылды. Қазіргі уақытта мәйіт Нұр-Сұлтан қаласының мәйітханасына жіберілді. Сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 қазанында Шортанды ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шортанды кентінің 42 жастағы тұрғынынан Сағындық Бимурзеновты іздеуге көмек көрсету туралы арыз келіп түсті. Ол 6 қазан шамамен сағат 14:00-де үйден «Урал» маркалы көк түсті велосипедпен шығып кеткен, содан бері оның орналасқан жері белгісіз еді. Жоғалған адамды іздеуге Шортанды ауданының аудандық полиция бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің барлық жеке құрамы бағытталған болатын. Сонымен қатар, іздеу шараларына еріктілер қатысты. Сүңгуірлер аудан аумағындағы су айдындарын тексеруді жүзеге асырды.