Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлері “Бейбітшілік” қоғамдық қорының тәрбиеленушілерімен кездесті

Ертіс полицейлері “Бейбітшілік” қоғамдық қорының тәрбиеленушілерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар күнін мерекелеу қарсаңында Ертіс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Бейбітшілік” қоғамдық қорының тәрбиеленушілерімен кездесті.

Кездесу жылы және достық жағдайда өтті. Полиция бөлімі бастығының орынбасары Әмір Сәдуақасов балалармен әңгімелесіп, балаларға сүйікті әуесқойлықтары туралы, уақыттарын қалай өткізетіндері туралы сұрады. Одан кейін полицейлер балаларға тәттілер мен жеміс-жидектер салынған пакеттерді табыстап, балаларға денсаулық пен барлық жақсылықты тіледі.
Балалар өз кезегінде полицейлерге көңіл бөлгендері үшін алғыс айтып, жұмыста табыс тіледі және полицейлерді тағы да қонаққа баратындарын айтты.

Сондай-ақ, алғыс ретінде балалар полицейлер үшін музыкалық өнерлерін көрсетті.

Айта кету керек, Ертіс ауданының ауылдық округтерінің учаскелік полиция инспекторлары мүмкіндігі шектеулі басқа да балаларға барып, оларға ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру