Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шортандыдағы жарылыс: іс қайта сараланды

Шортандыдағы жарылыс бойынша іс қайта сараланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қарашада сағат 22.45-те Шортанды ауданы ПБ кезекші бөліміне Шортанды кентінде жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы 18-ӨСБ кезекшісіне қоңырау келіп түсті.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін оқиға орнында жедел-тергеу тобы және өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеуде. Өрт газ баллонының жарылуы салдарынан болғаны алдын ала анықталды.

Оқиға орнында 3 адамның – екі әйел мен бір баланың денесі табылды. Түрлі жарақаттармен 11 адам Нұр-Сұлтан қаласының аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 306-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) деп қайта сараланды.

Зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі штаб құрылды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің отбасылары туысқандарына орналастырылды. Аудан әкімдігімен өрт сөндірушілер үшін 2 пәтер бөлінді, сондай-ақ қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыру бойынша отбасыларға көмек көрсетілетін болады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру