Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ бірінші орынбасары Шымкент қаласы ПД-нің жұмысымен танысты

ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Шымкент қаласы ПД-нің жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қарашада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Шымкент қаласына ІІМ-нің бірінші орынбасары Марат Қожаев “сервистік полиция” моделін енгізу жөніндегі қызметтік сапарымен келді.

Іс-сапар барысында Марат Қожаев Шымкент қаласы Полиция департаментінің мегаполис аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Оның ішінде “Nur Otan” партиясының “Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!” атты Жол картасының 310-тармағында көрсетілген “Полиция органдарында жұмыстың сервистік моделін енгізу” туралы 2021 жылға Шымкент қаласы бойынша қойылған тапсырмалардың орындалу барысын тексерді.

Аталған тармақ бойынша қаладағы учаскелік полиция пунктеріне 60 компьютер беріліп, әкімшілік тарапынан 3 ғимарат учаскелік полиция пункті ретінде Полиция департаментінің балансына өткізу процесі жүргізілуде.

Айта өтетін ақпарат, қаладағы 71 жалпы орта мектепке бейнебақылау камералары орнатылған, оларды департаменттің Жедел басқару орталығына шығару жұмыстары атқарылуда. Ал “SOS” дабыл нүктесі 147 мектепке, 13 балабақшаға және 7 колледжге орнатылып, қазіргі таңда барлығы Жедел басқару орталығына шығарылған. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Жедел басқару орталығы бейнеқабырғасының мүмкіншіліктері 2,5 есеге дейін кеңейтілген. Осы бағыттағы жұмыстармен толығырақ танысу мақсатында Ішкі істер министрінің орынбасары департаменттің Жедел-басқару орталығында болды.

Сонымен қатар, кездесу барысында вице-министр Марат Қожаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің “ІІО-дарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы” талаптарының орындалу барысымен де таныс болды. Осыған сәйкес, полиция қызметіне жүгінген азаматтарды қабылдау және оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында, Шымкент қаласы Полиция департаментінде және оған қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары Полиция басқармаларының жанынан фронт-офистер ашылып, онда жыл басынан бері 1383 азаматтың өтініштері қабылданған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру