Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ескі жиһазды терезеден лақтырған павлодарлық жауапқа тартылды

Ескі жиһазды терезеден лақтырған павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының тұрғыны Лермонтов көшесіндегі 48 үйдің терезесінен ескі жиһазды дәл жолға лақтырған, бұл бірінші кезекте өтіп бара жатқан адамдарға, балаларға қауіп төндіреді.

Аталған факті бойынша Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімінің полицейлері өз пәтерін жөндеумен айналысқан 28 жастағы пәтер иесін ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, ер адамға мұндай фактілерге жол бермеу туралы ескерту жасалды.

Полиция абаттандыру саласындағы нормалар мен ережелерді бұзушылар үшін ескерту немесе 20-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

– Бүгінгі таңда полицейлер абаттандыру ережелерін бұзудың 6545 фактісін, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін қиратудың, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою мен бүлдірудің 12 фактісін анықтады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру