Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да есірткіге мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында есірткіге мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда “Рубеж” стационарлық-бақылау бекетінде “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ЖПҚБ патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы Төлеген Арнұр “MITSUBISHI” маркалы автокөлігін тоқтатты, оның құжаттарын тексеру кезінде полиция қызметкері 26 жастағы жүргізуші психотроптық заттардың әсерінде болуы мүмкін деген күдік туындады.

Тағайындалған наркологиялық сараптама нәтижесі Шемонаиха ауданының тұрғыны есірткіге масаң күйде болғанын көрсетті.

Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді.

Аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру