Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде “Daewoo Nexia” көлігі өртеніп кетті

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан “Daewoo Nexia” көлігі өртеніп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қараша күні таңғы сағат 06:00 шамасында 312-атқыштар дивизиясы даңғылының бойында “Гелиос” жанармай бекетіне қарама-қарсы ресейлік есептегі “Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі рульдік басқаруды игере алмай қарсы қозғалыс жолағындағы “Lada Priora” және “Opel Vectra” автокөліктерімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан “Daewoo Nexia” автокөлігі оқиға орнында өртеніп кеткен.

“Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және “Lada Priora” автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру