Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды

ШҚО аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 8-14 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Hi-tech» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері тегін хабарландыру сайтының көмегімен алаяқтықпен айналысқан 26 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Бұқтырма кентіндегі демалыс базасындағы үйлерді жалға беру сылтауымен ол алдау жолымен ақша алған. Сөйлесу барысында сұраулардың көптігіне байланысты алаяқ жазғы кезеңде үлкен сұраныс болатынын айтып, жалға алынған үйлер үшін төлемді алдын ала сұраған. Осыған сүйене отырып, демалу орнын жоғалтқысы келмей, жәбірленушілер клиенттерімен байланысқа шығуды тоқтатқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл әйелдің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Жүргізілген шараның қорытындысына сәйкес 13 қылмыс анықталып тіркелді, бұрын жасалған 42 интернет-алаяқтық ашылды, құқыққа қарсы контенті бар 76 сайт бұғатталды.
Полиция департаменті тағы да азаматтарды абай болуға шақырады. Алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмаңыз, интернет желісі арқылы күмәнді сатып алулар мен мәмілелержасамаңыз. Сізге қатысты заңсыз іс-әрекеттер жасалған жағдайда, «102» жедел арнасына дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру