Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар іздеуде жүрген алаяқты ұстады

Ұландықтар іздеуде жүрген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық ұландықтар бір үйдің ығында өзінің қажеттілігін орындап жатқан азаматты байқайды. Патрульдік топ бастығы Абылай Амантаев қасындағы серіктері қатардағы жауынгерлер Сапаралы Абжанов және Азат Турғанбаевпен бірге аталған азаматты ұстап, полиция бөліміне жеткізеді.

Тәртіп бұзушының “Алаяқтық” бабы бойынша іздеуде жүргендігі белгілі болды. 2 тамызда ол елордада алдау арқылы, “оқу орнына түсіремін” деген сылтаумен бір әйелге тиесілі 400 мың теңгені иемденген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру